Адал Ұрпақ

Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары

Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында.

Әділдік, парасаттылық қағидаттары және дала данышпаны, Қазақ хандығының көрнекті саяси қайраткері Қазыбек бидің дана сөздері

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті «Адалдық сағатына» арқау болды.

Тәрбие ісі жөніндегі директорының орынбасары Мухаметкалиева А.К.  6-9 сынып оқушыларымен «Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары»,  «Адалдық сағаттарын» ұйымдастырылды.

Тапқырлық, шешендік, шыншылдық – адалдық сабағында қозғалған Қазыбек бидің үш қасиеті.

Мектеп оқушыларына Өмірдегі ең басты адамның қасиеті ол адалдақ екенін түсіндірді.

Мектеп директоры А.Нургожин

    

«Адал ұрпақ» ұйымы «Үлгілі орта мектебі» КММ

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Осыған орай Үлгілі орта мектеп бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.

Мектеп аға жетекшісі Нұғұман А.С. 7-сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыпты тәрбие сағат өткізді.

Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.

  1.  “Сыбайлас - жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
  3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады.

Барысында: Кіріспе сөз
• Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.
Тәрбие сағаты:
• Видео
• Викторина
• Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
• Оқушыларға тапсырма

Мектеп директоры Нургожин А.О.

 

2020-2021 оқу жылы Үлгілі ОМ «Адал ұрпақ» еріктілер клубының атқарылған жұмыстарының есебі

 Үлгілі орта мектепте   сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  көзқарасыты қалыптастыру мақсатында  «Адал   ұрпақ»  еріктілер клубында  іс-шаралар жоспары бекітіліп,  жұмыстар жасалды.  Клуб мүшелері   8-9-сынып  оқушыларынан  құралған.

     Жыл басында «Адал  ұрпақ»  еріктілер клубына арналған жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша клуб жетекшісі   Сагынаев С.С.  бекітілді.   Жоспарға сай клуб мүшелері тағайындалды. .  Клуб жұмысы үш секция  бойынша жұмыс жасап жатыр:

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  білім;
  2. Ақпарат және  шығармашылық;
  3. Мәдени-көпшілік іс-шаралар  бағытында  жұмыс жасайды.   Клуб   мүшелері  жоспарға  сай    бекітілген жұмыстарын  уақытында  орындап отырды.

Қыркүйек айында- «Парасатты  азамат»  бұрышы   мектептің   екінші қабат дәлізіне  орналасқан.

 

Бұрыштың мақсаты:  жас  ұрпақты Отансүйгіштіккке,  азаматтылыққа, адамның құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне   құрметпен қарауға , адамгершілік сезімдер мен этикалық  сананы, еңбекүйгіштікке,  оқуға,   еңбекке,  өмірге жасампаздықпен қарауға, адалдыққа  тәрбиелеу. Жоспарға сай  әр үш  бағыт   бойынша жұмыстар  атқарылды.

 Қазан айында- мектепішілік «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз» тақырыпты сынып сағаттары өткізілді. Ар-ұят, абырой, адалдық, әділеттілік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі қаралды.

Қараша айында- «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.

Желтоқсан айында- «Жемқорлық құқық бұзушылықтың картасы» тақырыбында клуб мүшелері плакат жасады.

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» деген тақырыпта   сынып сағаттары өтті. Акцияның негізгі идеясы , сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымдарын қалыптастыру болды. Клуб мүшелерінің жұмыстары әлі де жалғасын тауып, жұмыс жүргізілуде.

Мектеп директоры   А.Нургожин