Жазғы демалыс
Үлгілі орта мектебіндегі күндізгі жазғы сауықтыру орталығының Ережесі
«Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңының ережесі
«Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңы
Үлгілі орта мектебі
Жазғы демалысты ұйымдастыру (мектеп алаңында)
«Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңы
Мақсаты:
Балалардың демалысын, бос уақытын және сауықтыруын
қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1) Балаларды сауықтыру және жеке бас гигиенасы дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
2) Оқушылардың бос уақытын қызықты ұйымдастыру арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
3) Ұжымдылыққа тәрбиелеу, коммуникативтік білікті, рухани қасиеттерді дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
- Балалардың денсаулығын нығайту және жеке гигиена дағдыларын үйрету.
- Түрлі шараларға қатысу арқылы балалардың табиғи қабілеттерін ашу, шығармашылығын дамыту.
- Мейірімділікке, өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.
- Табиғат аясында, көлікте, көшеде және қоғамда жүріп-тұру ережелерін қалыптастыру
Күн тәртібі:
- 9°° - балалардың келуі
- 9°⁵ - 9²°- дене шынықтыру жаттығулары
- 9²°- 9³° - таңғы ас
- 9³° - 11 °° - жоспар бойынша жұмыс (ойындар, сайыстар, сабақтар)
- 11 °°- 11³° - түскі ас
- 11³° - 12 °° - демалу
- 12 °° - 13°° - қимылды ойындар
- 13 °° - үйге тарау
«Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңы
Ұраны:
Жаса, жайна балдырған,
Гүлдей болып жайнаған.
Демаламыз, күлеміз.
Көңілді жазды сүйеміз!